26 шілде 2018 13:41

Астанада жағалау бойында ән айтып, би билеуге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада жағалау бойында ұжымдық ән айтып, би билеуге тыйым салынды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанада жағалау бойында ұжымдық ән айтып, би билеуге тыйым салынды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Есіл өзенінің маңындағы қоршауда үлкен жазуы бар тақта қойылды. Тақтада Есіл өзенінің бойында заңсыз сатылымдар мен "музыкалық аспаптарда ойнап, ұжымдық билер мен әндер орындауларға" тыйым салынғаны айтылады.

Үлкен ескертулері бар бұл тақтаның суретін Астана қаласының тұрғыны Диана Өкремова Facebook әлеуметтік парақшасында жариялады: "Дұрыс әкімшілік! Әр жерде қоқан-лоқы! Әсіресе, ұжыдық билер мен әндер!" деп налыды Диана. 

Бұл суретті көптеген Желі қолданушылары қызу талқыға салды. 

Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі мұндай шешімнің не себепті қабылданғанын түсіндірді. Аудандық әкімшіліктің айтуынша, елордамыз Астана жағалауы - демалыс орны екенін және оған адамдар қала тұрмысынан бой сергітіп, түнгі арихитектурадан лязат алу үшін келетінін мәлімдеді. 

"Астанамыздың тұрғындары мен қонақтарын шән мәнінде ызасын келтіретін жайттар бар. Біріншісі - заңсыз түрде сатылым жариялап отырған сатушылар болса, екіншісі - қонақтардың мазасын алатын музыкалық орындаулар мен солардың қасында жиналып алған адамдардың жол бермеуі", - деді Сарыарқа аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы Бибігүл Абыддиннің айтуынша, осы оқиғаға қатысты аудан әкімшілігі мен полиция бөлімшесіне шағымдар түсе бастаған. 


© Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында көптеген қала тұрғыны мен кәсіпкердің өтініші бойынша арнаулы орындарда тақталар орнатылды. Адамдар қалауынша өзінің өнерін, музыкалық аспабын, қолдан жасалған hand-made шеберлігін жаяу жүргіншілерге арналған мәдени және ойын-сауық іс-шараларына арналған Арбатта паш ете алады", - деді Сарыарқа ауданы әкімдігің баспасөз қызметінің өкілдері.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети