Астанада жаңа ауданға атау ұсынылды

Астанада жаңа ауданға атау ұсынылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада жаңа алтыншы ауданға атау ұсынылды. Бұл мәселені елорданың қалалық мәслихаты қоғамдық тыңдауларға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жаңа алтыншы ауданға атау ұсынылды. Бұл мәселені елорданың қалалық мәслихаты қоғамдық тыңдауларға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссия отырысында елорданың жаңа ауданы атауына - "Сарайшық" нұсқасы таңдалған.

Шенеунік бұл нұсқадан бөлек Тұран, Сауран, Жерұйық сияқты атаулар да ұсынылғанын атап өтті.

Жарнама
Жарнама

"Астананың барлық ауданы топономика бойынша аталған. Сарайшық та бір кездері Батыс Қазақстандағы аса маңызды қала болған", - деді Сәкен Есіркеп.

Биыл Астанада жаңа аудан пайда болуы мүмкін екені белгілі болды. Әкімдік Алматы ауданын қайта құру туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама