Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады Фото:depositphotos.com

Астанада жаңа әуежай құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада жаңа әуежай құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы әуежай инфрақұрылымын жаңғырту алдағы үш жыл ішінде жүргізіледі.

"Астана әуежайын жаңғырту - басты міндет. Қала әкімдігі қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, құрылысты келесі жылы бастау жоспарланған", - деді Сауранбаев.

Жарнама
Жарнама

Министр әуежай инфрақұрылымын дамыту елдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайту бағытындағы ауқымды жұмыстардың бір бөлігі екенін атап өтті.

Мән-жайы

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу "кезек күттірмейтін міндет" екенін мәлімдеген болатын. Ол әуе айлағының құрылысын қысқа мерзімде бастауды тапсырды.

Өткен жылдың соңында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың бас жоспарында "әуе айлағының ықтимал құрылысы үшін перспективалы учаскелер қарастырылғанын" айтқан болатын.

Ал 15 мамырда елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев бірден бірнеше ықтимал учаске қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама