29 желтоқсан 2023 | 13:22

Астанада жаңажылдық отшашу қай жерде болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада Жаңа жыл қарсаңында мерекелік отшашу атылады. Ақпаратты Астана әкімдігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Жаңа жыл қарсаңында мерекелік отшашу атылады. Ақпаратты Астана әкімдігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанада Жаңа жыл қарсаңында демеушілік қаражатқа ұйымдастырылған мерекелік отшашу басталады. Отшашу алдында, сағат 00:00-де Қазақстан Әнұраны ойналады. Одан кейін екі орын: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақта әр жерде 1 мыңға жуық отшашу атылады", - деп хабарлады әкімдік.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, "Қазақ елі" монументі аумағында және EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Жаңа жыл түні" атты жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram