21 тамыз 2018 15:46

Астанада және 4 облыста жел күшейеді - Синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астана, СҚО, ШҚО, БҚО және Ақмола облысының тұрғындарына ауа райы бұзылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер Астана, СҚО, ШҚО, БҚО және Ақмола облысының тұрғындарына ауа райы бұзылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Астанада 22 тамызда найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Түнде және таңертен тұман күтіледі. Күндіз бұршақ болады.

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші  15-20 м/с-ке күшейеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

22 тамызда Ақмола облысының түнде кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

22 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

Оралда 22 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. 23 тамызда солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді, найзағай күтіледі.

22 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай күтіледі, жел оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, дауыл (кенеттен соққан жел).

Өскеменде 22 тамызда найзағай күтіледі, жел оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети