21 қараша 2018 | 16:29

Астанада және 8 облыста жаңбыр жауып, жел күшейеді

© sv-foods.ru

Синоптиктер Астанада және еліміздің сегіз облысында ауа райы бұзылатынын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер Астанада және еліміздің сегіз облысында ауа райы бұзылатынын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 22 қарашада Астанада тұман, көктайғақ, ал 23-24 қарашада бұрқасын болады. 23-24 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Реклама
Реклама

22 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде де тұман, көктайғақ, бұрқасын болатыны айтылады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Сондай-ақ, 23-24 қарашада кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

24 қарашада Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз 24 қарашада Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, жерлерде 30 м/с жетеді деп болжанады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная