25 қаңтар 2019 | 15:29

Астанада және алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

© pixabay.com

Астанада және алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада және алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

27-28 қаңтар аралығында Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, 27-29 қаңтар Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Реклама
Реклама

27-28 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28-29 қаңтар аралығында Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 

26 қаңтарда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі.

Астана қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram