Астанада және бірқатар облыста үсік жүреді

үсік Фото: depositphotos.com

Бүгін түнде Астана мен еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін түнде Астана мен еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанды. Оралда 11 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жарнама
Жарнама

Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен батысында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі. Мұнда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Қостанайда да түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Павлодар облысында синоптиктер күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жететін солтүстік-батыс желін болжады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 11 мамырда түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге, ал солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі. Петропавлда да солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрден 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Астанада 11 мамырға қараған түні топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама