Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

Астанада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға 20 наурызда сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.

"Үш көліктің - Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - деді Астана полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Елордалық полиция департаменті өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама