16 тамыз 2024 | 17:00

Астанада жасөспірім операция кезінде қайтыс болды

Фото: depositphotos.com

Астанада операция кезінде 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Ақпаратты Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада операция кезінде 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Ақпаратты Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлыбаевтың айтуынша, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

"Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен жасөспірімнің ата-анасына көңіл айтқым келеді. Бүгінде қызметтік тергеу, оның ішінде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның негізінде біз ресми хабарлама береміз. Алдын ала бұл қатерлі гипертермиялық реакция, өте сирек кездеседі. Бірақ, өкінішке қарай, ол болды", - деп жауап берді вице-министр ОКҚ брифингі кезінде журналистердің сұрағына.

Реклама
Реклама

Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында, олар медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді.

"Біз тергеудің өзі объективті түрде өтетініне кепілдік береміз", - деп сендірді Ержан Нұрлыбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная