03 маусым 2024 | 10:06

Астанада жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалған: дәрігерлер үндеу жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуыл жасау оқиғасынан кейін дәрігерлер астаналықтарға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуыл жасау оқиғасынан кейін дәрігерлер астаналықтарға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана ПД мәліметінше, оқиға өткен түнде болған.

"Отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйел жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкері келген кезде, ер адам масаң күйде болып, медицина қызметкерлерін балағаттаған. Пышақты алып қорқытып, бөлмені жауып, фельдшерге жұдырығын алып жүгірген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Медицина қызметкерлері 102 шақырған. Полиция ер адамды дереу ұстап, "Алматы" ауданы полиция басқармасына жеткізді. Пышақ тәркіленіп алынған.

"Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 25 жастағы ер адам мас күйде болған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды", - делінген хабарламада.

Астаналық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, бұл елордадағы жедел медициналық қызметкерлердің өздеріне қауіп төнген жалғыз жағдай емес. Тек 2024 жылдың қаңтар-сәуірі арасында мұндай тоғыз жағдай тіркелген.

"Біз қала тұрғындарын медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге және оларға қарсы агрессив әрекет жасамауға шақырамыз, жедел медициналық көмек көрсету және науқастардың өмірін сақтап қалу басты мақсаты екенін түсіну маңызды", - деді басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная