28 шілде 2020 | 17:26

Астанада жедел жәрдем шақырулар саны 3 есе азайды

© astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем шақыру көрсеткіші маусымның басындағы 3 мыңнан бүгінгі күнге 1,1 мыңға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем шақыру көрсеткіші маусымның басындағы 3 мыңнан бүгінгі күнге 1,1 мыңға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Карантин кезінде қабылданған кешенді шаралар, соның ішінде науқастарды ауруханаға біркелкі бөлу үшін ахуалдық орталық, жедел жәрдем станциясына телеграм-бот (@ ns103bot) құру және колл-орталық жұмысы елордалық жедел жәрдемнің жүктемесін едәуір жеңілдетті.

Реклама
Реклама

Шілденің басынан бастап Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны үш есе азайды - күніне 3000-нан 1100-ге дейін. Оның ішінде коронавирус инфекциясы бойынша - тәулігіне 500-ден 89-ға дейін.

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны 70 пайызы - 10 320 науқастың 7 260-ы сауығып шыққан. Төсек-орын қорына жүктеме 99 пайыздан 38 пайызға дейін төмендеді.

Covid-19-дың төмендеу динамикасын сақтау үшін барлық азаматтар қатаң санитария нормаларын: маска тағып, қашықтық сақтауы қажет.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная