Астанада жеті жаңа автобус жолағы пайда болады

Фото: Tengri Auto

16 маусымға қараған түні Айтматов көшесінде Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақ белгіленеді. Ол Қосшығұлұлы көшесінен Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскені қамтиды, жалпы ұзындығы 10,5 шақырым болады. Бұл туралы City Transportation Systems мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

"Бұл биыл 7 учаскеде енгізілетін Bus Lane жолақтардың алғашқысы. Бұған дейін бөлінген жолақтар Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Қошқарбаев даңғылына енгізілетіні айтылған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Bus Lane қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға, орташа пайдалану жылдамдығын арттыруға ықпал ететіні айтылды. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама