Астанада жол талғамайтын көлік самокат мінген адамды қағып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада жол талғамайтын көлік самокат мінген адамды қағып кетті видео кадры

Астанада жол талғамайтын көлік электрсамокат мінген адамды қағып кетті. Ол жаңа жүрген көліктің алдынан күтпген жерден шығып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жол талғамайтын көлік электрсамокат мінген адамды қағып кетті. Ол жаңа жүрген көліктің алдынан күтпген жерден шығып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, Hyundai автокөлігінің жүргізушісі Халифа бен Заид Әл-Нахаян көшесімен келе жатып, оңға бұрылған кезде қозғалыс бағыты бойынша жолды кесіп өтпек болған электрсамокат жүргізушісін қағып кеткен.

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған.

Реклама
Реклама

Кадрларда электрсамокат жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін ескермей, самокаттан түспей жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болғаны көрінеді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, тексерістен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды департамент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама