Астанада жұмыс кестесі өзгере ме: мән-жайы айтылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астана әкімдігі өкілдері жаңа жұмыс кестесіне көшу туралы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігі өкілдері жаңа жұмыс кестесіне көшу туралы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнулқабденнің сөзінше, бұл шара қаладағы трафик жүктемесін төмендетуге байланысты. Tengrinews.kz Астана әкімдігіне ресми сауал жолдаған.

Елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жауабына сүйенсек, бүгінде деректер жиналып жатыр.

Реклама
Реклама

"Жиналған ақпарат негізінде жұмыс уақытын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірленеді. Шешім қоғамдық тыңдаудан кейін қабылданады", - деп жазылған жауапта.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары 24 ақпаннан бастап "меншікті уақыт белдеуіне" көшкені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама