Астанада жүргізуші 4 жылға сотталып, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада жүргізуші 4 жылға сотталып, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды Фото:depositphotos.com

Жүргізуші куәлігінен айырылған мас азамат полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізуші куәлігінен айырылған мас азамат полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана прокуратурасы мәліметінше, жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам алкогольдік мас күйде автокөліктізгінін ұстаған. Полиция қызметкерлері тоқтату талабын қойған кезде, ол заңды талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.

"Қашу барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікпен соқтығысумен аяқталды. Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сот үкімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.

Келтірілген материалдық шығын сотталушымен толық көлемде өтелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама