23 қыркүйек 2024 | 11:29

Астанада жылу беріле бастады

Midjourney

Астанадағы әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала мәслихатының шешімі бойынша бекітілген, Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.

"Алайда, әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған(мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.)", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram