Астанада жылу беру тоқтатылады

Астанада жылу беру тоқтатылады Фото:depositphotos.com

Елорда әкімдігі ауа райының тұрақты жылынуы мен қолайлы температураның орнығуына байланысты жылу беру тоқтатылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әкімдігі ауа райының тұрақты жылынуы мен қолайлы температураның орнығуына байланысты жылу беру тоқтатылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылу беруді тоқтату процесі бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Алдымен орталықтандырылған жылу жүйесінен тұрғын үйлер, содан кейін әлеуметтік инфрақұрылым нысандары: денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелері ажыратылады.

Қала әкімшілігі жылыту маусымы штаттық режимде өткенін атап өтті. Қаланың жылу желілері мен энергетикалық нысандарында айтарлықтай ақаулар тіркелген жоқ, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері тұрақты жұмыс істеді.

Жарнама
Жарнама

Жылыту маусымын дайындау және өткізу ережелеріне сәйкес, оны аяқтау туралы шешім сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы +10 °C-тан жоғары болған жағдайда қабылданады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама