17 сәуір 2023 | 10:13

Астанада қар жауып, автобустар кешігіп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астанада қалың қар мен көктайғақ салдарынан, автобустар кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қалың қар мен көктайғақ салдарынан, автобустар кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық көлікті аялдамада күтіп қалған адамдар қарасы көп. Тұрғындар автобустардың кешігуіне шағымданып жатыр. Желіде бірден бірнеше автобустың қар құрсауында қалғаны түсірілген видео тарады.

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға шақырды.

Реклама
Реклама

"Барлық жүргізушілерді жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайтынын атап өту қажет", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram