Астанада қар жауып, жел соғады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазгидромет Астанадағы 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Астанадағы 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 ақпанда Астанада өзгермелі бұлтты ауа райы күтіледі, кей уақытта аздаған қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы -9…-11°C, күндіз -4…-6°C суық болады.

19 ақпанда өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -11…-13°C, күндіз -4…-6°C аяз күтіледі.

Реклама
Реклама

20 ақпанда өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -11…-13°C, күндіз -3…-5°C болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғатынын, батыс пен оңтүстікте жаңбыр және қар аралас жауын-шашын болатынын хабарлаған еді. Сондай-ақ республика аумағында көктайғақ, желдің күшеюі және тұман күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама