Астанада қарлы боран: полиция жүргізушілерге ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты Астана Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын барынша сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты Астана Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығын барынша сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПД мәліметінше, бір түнде елордада 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін және бүйірлік интервалдарды қатаң сақтаңыз. Көлік жүргізушілері кенеттен маневр жасаудан және көлікті тежеуден аулақ болуы керек, бұл қазіргі ауа райы жағдайында көлік тізгініне ие болмай қалу қаупіне әкелуі мүмкін", - деді ПД өкілдері.

Реклама
Реклама

Полицейлер жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақтық танытуы керек екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама