ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қазан 2023 | 11:40
Астанада қарттар мен балаларды қорлаған студентке сот үкімі шықты
Бүгін елордада хоспистегі егде жастағы науқастар мен аутизмге шалдыққан балаларға жасаған қорлығын телефонына түсіріп, кейін ол видеоларды достарына жіберген медик-студентке қатысты қылмыстық сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыпталушы мүгедек науқастарды азаптағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Осы уақыт бойы үйқамақта болған бұрынғы санитар дәл сот залында қамауға алынды.
Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушілердің пайдасына 4 миллион теңге төлеуі тиіс.
Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та медициналық университет студентінің ауыр науқастарға қорлық көрсеткені туралы хабарланған болатын. 22 жастағы студент науқастарды ұрып-соғып, балаларды қорлаған. Ол әрекетін видеоға түсіріп, достарына жіберген.
Астана сотында студенттің науқастарды қорлаған видеосы көрсетілді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также