Астанада кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат кәсіпкерден моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен. Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады.

"Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-ның 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная