19 қыркүйек 2022 | 13:59

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:gov.kz

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс Астана қаласының Байқоңыр ауданының № 2 сотында қаралып жатыр. Қайрат Сатыбалдыұлы "Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру", "Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамның алдын ала сөз байласуы бойынша топтың жымқыру" баптары бойынша қылмыс жасады деп айыпталып жатыр.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная