24 қыркүйек 2022 09:47

Астанада келесі аптада алғашқы қар жаууы мүмкін

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет синоптиктері келесі аптада Астанада алғашқы қар жауады деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері келесі аптада Астанада алғашқы қар жауады деп болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы демалыс күндері ауа райы болжамына сәйкес, жазғы ыстық ауа райы әлі де сақталады, бірақ келесі аптаның басында күзгі жаңбырлы салқын ауа райы күтіледі.

24-25 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-8 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде ауа температурасы 31 градусқа дейін көтерілсе, түнде 10-13 градусқа дейін төмендейді.

26 қыркүйекте әлдеқайда салқын болады - күндіз 20 градусқа дейін, түнде 13-15 градусқа дейін. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді.

Кейін температура төмендейді:

  • 27 қыркүйекте күндіз 14 градус жылы, түнде 9 градус жылы, кейде жаңбыр жауады, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді;
  • 28 қыркүйекте күндіз 8 градус жылы, түнде 3 градус жылы, өткінші жаңбыр жауып, қар жаууы мүмкін, сондай-ақ, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады;
  • 29 және 30 қыркүйекте күндіз 8 градусқа дейін жылынады, бірақ түнде алғашқы аяздар келеді - жауын-шашынсыз, 0 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Ұзақ мерзімді болжамның өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети