05 мамыр 2018 | 13:07

Астанада кептеліс кезінде жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылады

© dvinatoday.ru

Қала билігі қауырт сағаттарда жүк көлігі қозғалысына шектеу енгізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қала билігі қауырт сағаттарда жүк көлігі қозғалысына шектеу енгізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұндай шешімді қабылдауға елордадағы көлік ағысының жалпы жылдамдығының төмендеуіне жүк көліктерінің әсері себеп болды. Бүгінгі таңда қаланың аумағында 220-дан астам құрылыс учаскелері жұмыс істеуде, олардың бәріне жүк техникасы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жүк машиналары жылдамдығының баяулығы, олардың ебедейсіздігі мен көлемінің үлкендігі сияқты факторлар жолдарда апаттық-қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін, - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Шектеу 14 мамырда жұмыс күндері сағат 07.00-ден 09.00-ге дейін және 17.30-дан 20.00-ге дейін автомобиль жолдары шекараларының аймағында салмағы 3,5 тоннадан артық жүк көліктерінің қозғалысына енгізіледі. Ол 31 желтоқсанға дейін қойылып отыр.

Елорда әкімдігі мұндай шектеулерді Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу кезінде қолданды. Ол кезде қаланың белгілі бір учаскелеріне жүк көлігінің кіруіне сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін шектеу қойылған болатын.

Жүк қозғалысына шектеу бекітілген сұлбаға сәйкес қала ішіндегі белгіленген 18 учаскеге қатысты болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная