Астанада көктайғақ салдарынан үш автобус жол апатына ұшырады

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада көктайғақ салдарынан үш автобус жол апатына ұшырады Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада көктайғақ салдарынан бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көктайғақ салдарынан бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда полициясының мәліметінше, Iveco маркалы автобустың жүргізушісі Хусейн бен Талал көшесімен келе жатып, тайғақ жолда көлікті басқара алмай, Renault Sandero жеңіл көлігімен соқтығысқан.

"Осы аумақта екі автобустың қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Полиция жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, рөлде барынша мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама