Астанада көлігіне жалған нөмір тағып, құжатсыз жүргізген тұрғын ұсталды

Фото: polisia.kz

Астанада екі жүргізуші ұсталды, оның бірі жалған нөмір тағылған көлікпен жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада екі жүргізуші ұсталды, оның бірі жалған нөмір тағылған көлікпен жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жүргізуші Сарайшык көшесінде тоқтатылды. Nissan көлігінің рөлінде жүргізуші куәлігі жоқ адам болған. Оған 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, көлікке жалған мемлекеттік нөмір орнатылғаны анықталды. Бұл іс сотқа жіберіліп, жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Реклама
Реклама

Екінші оқиға 19 ақпанда Қабанбай батыр даңғылында болған. HOWO жүк көлігінің жүргізушісі полиция талабын елемей, тоқтаудан бас тартып, қашуға тырысқан. Қуғын нәтижесінде көлік тоқтатылып, ұсталды.

Құжаттардың сәйкессіздігі анықталғандықтан, сот жүргізушіні полицияға бағынбады деп танып, екі тәулікке әкімшілік қамау тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама