19 маусым 2024 | 09:20

Астанада көлік көп жүретін көше қиылыстарының бірі ішінара жабылады

Фото:depositphotos.com

Астанада Бөгенбай батыр - Сарыарқа қиылысы ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Бөгенбай батыр - Сарыарқа қиылысы ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа даңғылының қиылысында Сарыарқа даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу аясында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты 19-21 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram