08 қараша 2024 | 16:12

Астанада көлікті эвакуатор жалдап ұрлап әкеткен күдікті ұсталды

Фото:depositphotos.com

Астана тұрғыны көпқабатты үйдің ауласында жарамсыз күйде тұрған Honda Accord көлігі жоғалып кеткен соң полицияға хабарласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны көпқабатты үйдің ауласында жарамсыз күйде тұрған Honda Accord көлігі жоғалып кеткен соң полицияға хабарласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік иесі көлікті бір ай бұрын тастап кеткенін, кейін оның жоғалғанын анықтап, шығынды 500 мың теңгеге бағалағанын айтты.

Ұры 38 жастағы азамат болып шықты, ол көлік иесіз деп шешіп, жағдайды пайдаланып, эвакуатор шақырған. Эвакуатор жүргізушісін оның иесі екеніне сендіру үшін ол көліктің өзіне тиесілі екенін айтып, сол арқылы көлікті үйіне дейін жеткізген.

Реклама
Реклама

Күдікті ұсталып, полицияға өз кінәсін мойындап, көлікті біраз уақыт аңдығанын түсіндірді. Көлік заңды иесіне қайтарылып, ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді