21 қазан 2024 | 08:34

Астанада көліктер соқтығысып, бір адам зардап шекті

Фото:depositphotos.com

Жексенбіде кешке Астананың оң жағалауында екі көлік соқтығысып жол-көлік оқиғасы болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жексенбіде кешке Астананың оң жағалауында екі көлік соқтығысып жол-көлік оқиғасы болды, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның егжей-тегжейі туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"20 қазанында Renault Duster маркалы автокөліктің жүргізушісі Кенесары көшесі – Республика даңғылының қиылысынан бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, Chevrolet Nexia маркалы автокөлікпен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Nexia көлігіндегі жолаушы зардап шеккені айтылады.

Оқиға орнында полиция тобы жұмыс істеп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram