Астанада көпбалалы ана көмек алу үшін чат-ботқа жаза алады

Дина Муратова Редактор
© фото: unsplash.com

Астана әкімдігі Telegram-да чат-ботты іске қосты. Бұл арқылы көпбалалы аналар сауалнаманы толтырып, әкімдік өкілдерінен қандай көмекке мұқтаждығын жаза алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігі Telegram-да чат-ботты іске қосты. Бұл арқылы көпбалалы аналар сауалнаманы толтырып, әкімдік өкілдерінен қандай көмекке мұқтаждығын жаза алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Чат-бот көпбалалы отбасылар қорын құру үшін жасалды. Біз көп балалы жанұяның есеп-қисабын жүргіземіз, бірақ барлығын есептемейміз. Себебі олардың арасында Астанада тіркелмегендері де бар, бірақ оларға көмек көрсетуіміз керек. Көбі білмейді, әкімдік мұқтаж отбасыларға көмір, киім-кешек, әлеуметтік азық-түлікпен көмектеседі. Егер сіз көпбалалы отбасы болсаңыз және әкімдікке келіп сауалнама толтыра алмасаңыз, бізге чат-ботқа жазсаңыз болады. Оны қолдану ыңғайлы және уақытыңызды үнемдейді", - деді Астана әкімдігінің баспасөз қызметкері Эльвира Жүргенбаева. 

Telegram-дағы чат-бот @qoldaubot деп аталады. Бөлек бір бағанда аналар өз қиыншылықтарын жаза алады, олар  жұмыссыздық мәселесі, азық-түлік жетіспеушілігі, киім немесе көмір жоқтығы, балалардың балабақша немесе мектепке қабылданбауы сынды мәселелерді жазып жіберуге болады.

Реклама
Реклама

"Түскен анкеталардың әрқайсына көмек жоспарын жасаймыз. Қолымызда бар ресурстарды ескере отырып көмектесеміз. CRM-жүйе арқылы ақпарттарды өңдейміз, одан кейін жұмыспен қамту қызметкері оларға хабарласады", - деді Эльвира Жүргенбаева.

Чат-боттың көмегімен мемлекеттік жәрдемақылар туралы ақпаратпен танысып және оны алуға болады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама