ПОДЕЛИТЬСЯ
14 ақпан 2019 | 15:24
Астанада көпбалалы ана көмек алу үшін чат-ботқа жаза алады
Астана әкімдігі Telegram-да чат-ботты іске қосты. Бұл арқылы көпбалалы аналар сауалнаманы толтырып, әкімдік өкілдерінен қандай көмекке мұқтаждығын жаза алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана әкімдігі Telegram-да чат-ботты іске қосты. Бұл арқылы көпбалалы аналар сауалнаманы толтырып, әкімдік өкілдерінен қандай көмекке мұқтаждығын жаза алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Чат-бот көпбалалы отбасылар қорын құру үшін жасалды. Біз көп балалы жанұяның есеп-қисабын жүргіземіз, бірақ барлығын есептемейміз. Себебі олардың арасында Астанада тіркелмегендері де бар, бірақ оларға көмек көрсетуіміз керек. Көбі білмейді, әкімдік мұқтаж отбасыларға көмір, киім-кешек, әлеуметтік азық-түлікпен көмектеседі. Егер сіз көпбалалы отбасы болсаңыз және әкімдікке келіп сауалнама толтыра алмасаңыз, бізге чат-ботқа жазсаңыз болады. Оны қолдану ыңғайлы және уақытыңызды үнемдейді", - деді Астана әкімдігінің баспасөз қызметкері Эльвира Жүргенбаева.
Telegram-дағы чат-бот @qoldaubot деп аталады. Бөлек бір бағанда аналар өз қиыншылықтарын жаза алады, олар жұмыссыздық мәселесі, азық-түлік жетіспеушілігі, киім немесе көмір жоқтығы, балалардың балабақша немесе мектепке қабылданбауы сынды мәселелерді жазып жіберуге болады.
"Түскен анкеталардың әрқайсына көмек жоспарын жасаймыз. Қолымызда бар ресурстарды ескере отырып көмектесеміз. CRM-жүйе арқылы ақпарттарды өңдейміз, одан кейін жұмыспен қамту қызметкері оларға хабарласады", - деді Эльвира Жүргенбаева.
Чат-боттың көмегімен мемлекеттік жәрдемақылар туралы ақпаратпен танысып және оны алуға болады.
Показать комментарии
Читайте также