ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қараша 2022 | 13:10
Астанада көпқабатты үйде алапат өрт шықты: құтқарушы жансақтау бөлімінде жатыр
Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды құтқаруға қатысқан өртсөндірушінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды құтқаруға қатысқан өртсөндірушінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 қарашада өрттен кейін төрт науқас жедел жәрдем көлігімен №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында елордалық төтенше жағдайлар департаментінің екі өртсөндірушісі бар.
"Жедел кезекші өрт сөндіру қызметінің көмекшісі 1994 жылғы Асқар Забикулиннің жағдайы өте ауыр, оны 3-дәрежелі күйік алған, жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші науқас 1988 жылы туған Аян Кемпіров, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр", - деді баспасөз қызметі тілшілерге.
Денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен тағы екі науқас токсикология бөлімінде ем қабылдап жатқанын, екеуінің жағдайы орташа ауыр екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также