16 қараша 2022 | 14:07

Астанада көпқабатты үйде өрт шығып, 5 адам құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Елордалық өртсөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық өртсөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қараша таңертең өрт сөндіру бөлімшесіне Бауыржан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

"Өрт сөндірушілер үш минутта шақырту орнына жеткен, онда он бес қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында 50 шаршы метр аумақтағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Қызметкерлер бірінші кезекте көмек сұраған адамдарды құтқаруға кірісті. Өз өмірлерін қатерге тіккен өртсөндірушілер бес адамды құтқарды. Оның біреуі - бала, он адам эвакуацияланды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Құтқарылғандардың ішіндегі бала көмірқышқыл газын ингаляциялау арқылы ауруханаға жеткізілген.

Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 20-дан аса адамы мен алты техникасы жұмылдырылғаны хабарланды. Оқиға орнына Апат медицинасы орталығының құтқарушылары да жетті.

"Өртті сөндіру барысында өртсөндірушілердің өздері де зардап шекті, №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі мен өрт сөндіру бөлімінің бастығы көмекшісінің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалды. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы бес адамды құтқарған өртсөндірушілерді марапатқа ұсынатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная