Астанада Қорғалжын тасжолының учаскесі үш аптаға жабылады

Фото:depositphotos.com

Астанада Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тасжолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты, 24 сәуір мен 15 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Реклама
Реклама

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама