19 желтоқсан 2024 | 14:36

Астанада Қорғаныс министрлігінің офицері педофилияға күдікті ретінде қамауға алынды

Midjourney

Астанада кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерге күдікті ретінде Қорғаныс министрлігінің Ақмола гарнизонының әскери қызметкері қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерге күдікті ретінде Қорғаныс министрлігінің Ақмола гарнизонының әскери қызметкері қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің орынбасары, подполковник (кей деректер бойынша майор шеніндегі) қызметкері 2016 жылы туған баланы астаналық ауруханада зорламақ болғаны туралы ақпарат тараған.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттер дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Ақмола гарнизонының оқуда жүрген әскери қызметкері ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр," – деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Қазақстанда күн суытады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная