Астанада көшенің жабылуына байланысты бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды

Астанада Т?шенов к?шесіні? жабылуына байланысты бірнеше ша?ырым?а созыл?ан кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Тәшенов көшесінің жабылуына байланысты бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғындары таңғы уақытта кейбір көшелер мен даңғылдарда пайда болған кептелістерге шағымданды. Әлеуметтік желілерде жүргізушілер осыған дейін 15-20 минутта баратын жерге бір бүгін бір жарым сағат уақыт кеткенін жазған болатын.

Реклама
Реклама

"Тәшенов көшесі жабық тұр. Жүргізушілерге Қабанбай батыр даңғылымен айналып өту керек. Ал Республика даңғылына барғысыс келетіндер "Целинный" ықшамауданынан өтеді. Бұған себеп Тәшенов көшесінің жабылуы", - деп түсіндірді елордалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Тәшенов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты 23 қыркүйекте жабылған болатын.

"Мамандар жөндеу жұмыстарын тез арада аяқтауға тырысып жатыр. 27 қыркүйекте көше қайта ашылады", - деді әкімдіктегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама