Астанада күн жылынса, Алматыда жаңбыр жауады: 28-30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Астанада күн жылынса, Алматыда жаңбыр жауады: 28-30 сәуірге арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 28, 29 және 30 сәуірде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде - 28, 29 және 30 сәуірде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

28 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0,+2 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз +18...+20 градус.

Жарнама
Жарнама

29 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +20...+22 градус.

30 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +24...+26 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

28 сәуір көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +20...+22 градус.

29 сәуір көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-шығысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +22...+24 градус.

30 сәуір көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер 28, 29, 30 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы күрт өзгеретінін айтқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама