Астанада күн суытып, Алматыда жаңбыр жауады: 9-11 мамырға арналған болжам

Астанада күн суытып, Алматыда жаңбыр жауады: 9-11 мамырға арналған болжам Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 9, 10 және 11 мамырда қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 9, 10 және 11 мамырда қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

9 мамыр күн құбылмалы болады, кей кездері жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +21...+23 градус жылы болады.

Жарнама
Жарнама

10 мамыр күн құбылмалы болады, кей кездері жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +10...+12 градус жылы болады.

11 мамыр күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +8...+10 градус жылы болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

9 мамыр күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей кездері екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус ыстық болады.

10 мамыр күн құбылмалы болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, кешке нөсер жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей кездері екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +20...+22 градус жылы болады.

11 мамыр күн бұлтты болады, жаңбыр жауады, кей кездері нөсерге айналып, күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей кездері екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +18...+20 градус жылы болады.

Қазақстанда күн суытып, үсік жүреді

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болатынын – жаңбыр жауып, күн күркірейтінін хабарлаған еді. Ауа температурасы төмендеп, 11 мамырда еліміздің солтүстік өңірлерінде түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде. Толық болжам осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама