09 мамыр 2023 | 15:02

Астанада құрылыс алаңында кран құлап, бір адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астанада Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнара краны опырылып, краншы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнара краны опырылып, краншы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 мамырда сағат 11.45-те Есіл ауданындағы 38-көшенің бойында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, салынып жатқан үйлердің арасында мұнара кран құлаған.

"Мұнара кранын орнату кезінде ол опырылып, оның құрылымы автокран кабинасына құлады. Салдарынан краншы 1999 жылы туған И.П.Андрюшкин бірнеше жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр", - деділінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиғаның басқа мәліметтері айтылмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная