22 қазан 2020 | 16:14

Астанада күйеуі бұрынғы әйелін капотында сүйреген

Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда KIA Cerato жүргізушісі бұрынғы әйелін капотында сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда KIA Cerato жүргізушісі бұрынғы әйелін капотында сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Отбасылық драма түнде Гете көшесіндегі вокзал алаңында өрбіген. Ерлі-зайыпты автокөлік салонында әңгімелесіп отырып, сөзге келіп қалған. Әйелдің айтуынша, ол көліктен шыққан, бірақ салонда құжаттарын ұмытып кеткен. Ал күйеуі есікті ашпай, қозғала бастаған. Осы уақытта әйел автомобильдің капотына секіре жөнелген. Жүргізуші  оған қарамастан жылдамдықты арттыра отырып, жүре берген.

Реклама
Реклама

Жанынан өтіп бара жатқан жүргізушілер автокөлік капотынан әйелді көріп, тәртіп бұзушыны тоқтатуға тырысқан, алайда ол жылдамдықты төмендетпестен жол бойындағы көліктерді басып озады. Нәтижесінде куәгерлер көліктің жолын жауып тастады. Полиция қызметкерлері де бейнебақылау камералары арқылы жүргізуші әрекетін байқап, оқиға болған жерге экипаж жіберді", - деп хабарлады полиция өкілдері.

"Полицейлер жүргізуші мен әйелді полиция басқармасына жеткізді. Бұрынғы ерлі-зайыпты мәселені өзара шешті. Әйел зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек бойынша KIA Cerato жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшылығы өз әрекеттерімен жолдағы қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектескен жанашыр жүргізушілерге алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная