Астанада күйеуін өлтірді деген күдікті мектеп директорына қатысты тергеу қалай аяқталды?

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Астана полициясы күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген мектеп директорына қатысты тергеу қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана полициясы күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген мектеп директорына қатысты тергеу қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада ақпанда болған кісі өлтіру оқиғасына қатысты тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты редакцияның сауалына Астана қаласының полиция департаменті Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағы - "Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына" байланысты тоқтатылғанын хабарлады.

Полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес "Соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу" бойынша аталған қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтерді ұсыну мүмкін еместігін атап өтті.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 26 ақпанда елорда полициясына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Әйел Астанадағы мектептердің бірінің директоры болып шықты, ал марқұм - БАҚ-та жарияланғандай, оның күйеуі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама