ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2024 | 14:03
Астанада қылмыстық жазадан жалтару схемасы әшкере болды
Астана прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана прокуратурасы алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2018 жылы сот үкімі бойынша, пара берушіге 672 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
"Жазадан жалтару үшін пара беруші уәкілетті органға айыппұлды толық төлегені туралы жалған құжат ұсынған. Қалалық прокуратура бұл қылмыстық деректі дер кезінде анықтап, сотталғанның жазасы айыппұлдан 10 жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Тергеп-тексеру барысында сотталушының миллиондаған айыппұл төлеуден жалтаруға көмектескен тұлға ұсталды", - делінген хабарламада.
Алқабилердің қатысуымен шыққан сот үкімі бойынша, кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также