Астанада LRT құрылысына байланысты тасжол жабылады

Фото:depositphotos.com

Астанада LRT желісінің негізін бетондау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты Р-10 айналма жолындағы көлік қозғалысын екі бағытта толық шектеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімігі мәліметіне сілтеме жасап.

Астанада LRT желісінің негізін бетондау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты Р-10 айналма жолындағы көлік қозғалысын екі бағытта толық шектеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімігі мәліметіне сілтеме жасап.

Көліктер Әуежай және Арнасай көшесі бағытындағы оң жақ ауыспа жолдармен жүргізіледі.

  • 17 мамырда сағат 04:00-ден 18 мамырда сағат 08:00-ге дейін жолдың үстіндегі LRT желісі негізінің алаңын бетондау бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі;
  • 24 мамырда сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жолдың үстіндегі LRT желісінің парапеттерінің қалыптарын орнату және бетон құю жұмыстары орындалады;
  • 25 мамырда сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін парапет қалыптарын демонтаждау жұмыстары орындалады.
Реклама
Реклама

Сонымен қатар, LRT желісінің тіректері мен эстакада бөлігін бояу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты жүргізушілерден жұмыс жүргізіліп жатқан учаскелердің маңына көліктерін қоймауды сұраймыз.

Елорда қонақтары мен тұрғындарынан жол қозғалысы бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама