29 қазан 2022 11:19

Астанада LRT құрылысының қашан аяқталатыны белгілі болды

Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Елорда әкімдігі Астанада LRT құрылысының қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әкімдігі Астанада LRT құрылысының қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орындалған жұмыстардың қорытындысы бойынша LRT желісінің құрылысын аяқтау туралы шешім қабылданды.
Бүгін 104-105 вокзал учаскесінде әуежайдан М3 көпіріне дейін 40 құрастырмалы арқалық орнатылды. 2022 жылы 102-103 бекеттерінде жоспарланған арқалықтарды, торларды, 113-114 бекеттерінде қадаларды орнатуды аяқтау жоспарланып отыр", - деді әкімдік өкілдері.

2023 жылы учаскелерде темірбетон құрылымдарын, инженерлік желілерді шығаруды аяқтау және М3 көпірін салу жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram