09 қыркүйек 2024 | 15:31

Астанада Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов ұсталды

Болат Мажагулов

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды. Ақпаратты Tengrinews.kz-ке дереккөз растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды. Ақпаратты Tengrinews.kz-ке дереккөз растады.

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған. 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып бастаған.

2002 жылдан 2007 жыл аралығында Мемлекеттік филармонияда, "Ұлан" ұлттық гвардиясында, Астана қаласы "Наз" мемлекеттік халық театры" МКҚК еңбек етті.

Реклама
Реклама

2007-2008 жылдары Астана қаласы Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2010 жыл аралығында Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды.

2010 жылдан 2015 жыл аралығында Астана қаласы Мәдениет басқармасын басқарды.

2015-2018 жылдары - Астана қаласы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары - Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылдың 29 шілдесінен бастап қазірге дейін Астана қаласы ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная