Астанада масаның не себепті көбейіп кеткені белгілі болды

© hozuyut.ru

Астана ?кімдігіндегілер ?алада масаны? не себепті к?бейіп кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ала ?кімдігіні? сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігіндегілер қалада масаның не себепті көбейіп кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің айтуынша, 21 сәуірде елорда әкімдігі қаланың 112 су тоғанында жәндіктермен күрес шараларын бастады. 

"Жәндіктердің ересек түрлерін жою мақсатында қала басшылығы ландшафттық және табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, 3,5 шақырым радиуста масалардың күндік орындарын өңдеу шараларын ұйымдастырды. Өңдеу жұмыстарының мерзімі мен мерзімділігі энтомологиялық көрсеткіштердің негізінде жәндіктердің жаппай ұшып шығуына дейін 2-4 күн бұрын анықталады. Масаларды жою ультра-кіші көлемді себізгілер, термо және жел генераторлардың көмегімен жүргізілуде. Дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуге қала бойынша 120 дезинфектор жұмылдырылды", - деді әкімдіктегілер.

Реклама
Реклама

Әкімдік жоспарлаған жұмыстардың 100 пайыз орындалғанына қарамастан жәндіктер елорда тұрғындарына әлі де болса ыңғайсыздықтар тудырып жатыр.

"Қаланың орамішілік аумағында масалардың болуына басты себептердің бірі - көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінің нашар жағдайы. Масалар мен кеміргіштерге қарсы шаралардың нәтижелі өтуіне жергілікті ПИК-тердің көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен автотұрақтарында дезинсекциялық жұмыстарды сапасыз жүргізуі де кері әсер етіп отыр", - деді елорда әкімдігіндегілер.

"Сарыарқа" ауданында 139 ПИК-тің (890 үй) - 108 ПИК (890) үй - 78 пайыз дезинсекция жүргізу туралы келісімшартқа отырған. Масаларға қарсы өңдеу шаралары 8 ПИК-те (22 үйде) жүргізілген. Сонымен бірге, 3 мамырдағы жағдай бойынша келісімшарттарға отыру бойынша ахуал өзгеріссіз қалды (78 пайыз), бірақ 7 ПИК-те (49 үй) дезинсекциялық шаралар жүргізілді. Бүгінгі күні 15 ПИК-те (71 үй) - 11 пайыз өңдеу шаралары жүргізіліп отыр.

"Алматы" ауданында 221 ПИК-тің (1084 үй) 94 ПИК(516 үй) - 42 пайыз (5.04.17 жыл - 40 пайыз) дезинсекция туралы келісімшартқа отырды. Масаларға қарсы өңдеу шараларын 2 ПИК (3 үй) жүргізді.

"Есіл"  ауданы бойынша: 86 ПИК (208 үй) дезинсекция туралы келісімшартқа отырды - 43 ПИК (91 үй) - 49 пайыз (29 ПИК (65 үй) - 36  пайыз), «Дидар» ПИК - 2 үй өңдеу шараларын жүргізді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама