ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2024 | 11:43
Астанада майнинг фермасы әшкереленді: бір тұрғын алабына жететін энергияны тұтынған
ҚМА елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚМА елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамырына дейін Астана аумағында ай сайынғы электр қуатын тұтынуы мегаполистегі бір тұрғын алабының қажеттілігімен парапар болатын, қозғалтқыштарды өңдеу орталығының түрінде жасырылған майнингтік ферманың қызметін ұйымдастырған.
"Аталған кезеңде өндірілген заңсыз цифрлық активтердің құны 143 миллион теңгеден асқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді. Бұдан басқа олардың электр энергиясы үшін 25,3 миллион теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды", - делінген хабарламада.
ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастыру қажеттігін атап өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің істері бойынша 2024 жылы цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1.2 миллиард теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.
ҚМА "Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында цифрлық майнинг қызметі лицензиялауға жататынын, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығару және оның айналымы, сондай-ақ осыған ұқсас биржалар қызметі "Астана" Халықаралық қаржы орталығы аумағында ғана жүзеге асырылылатынын хабарлайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также