Астанада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады.

"7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 миллион теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады. Сот үкімі бойынша, кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілгені айтылды. Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама